Ата-аналарға

Мектебімізде 10-сынып жетекшілері
«Жеке шекара мен қолдау: жасөспірімге өмірлік сынақтарды еңсеруге қалай көмектесуге болады?» тақырыбында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жиналысын өткізді.
Жиналыстың мақсаты:
▪️Жасөспірімдердің ата-аналарында жасөспірім кездегі жеке шекаралар мен психологиялық қолдаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру;
▪️Жасөспірімнің сенімі мен эмоционалды тұрақтылығын нығайтуға ықпал ететін сындарлы өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.

Жиналыс барысында ата-аналар мен ұстаздар жасөспірімнің жеке шекарасын сақтау, балаға сенім мен қолдау көрсету, сондай-ақ отбасындағы өзара түсіністік пен сыйластықтың маңыздылығы туралы пікір алмасты.
Сонымен қатар, мектеп психологы арнайы тренинг жаттығу өткізіп, баланың жеке кеңістігін құрметтеу мен қолдау көрсетудің тиімді тәсілдерін ұсынды.

6 қараша күні “Адал азамат тәрбиелеудегі жауапты ата-ана, қолдаушы ұстаз және қауіпсіз мектеп” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналысқа Теңге ауылы әкімі Ж.А.Агисов, “Отбасын қолдау орталығы” психологы Е.И.Калиев, мектеп инспекторы А.Тынышов және 103 ата-ана қатысты.
Күн тәртібінде:
1. 2025-2026 оқу жылындағы оқу-тәрбие үдерісі;
2. Мектептің ішкі тәртіп ережесі, қауіпсіздік;
3. Ата-аналар жауапкершілігі;
4. Әртүрлі мәселелер қаралды. Жиналыс барысында мектеп психологы Б.Каргынбаева және әлеуметтік педагог Г.Шодирова ата-аналармен психологиялық тренинг өткізді.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы бағдарламасының қазан айының жоспарына сәйкес, “Жасөспірімді зорлық-зомбылықтан қорғаудың негізі-сенім мен жеке шекераңа құрмет” тақыоыбында 5 сынып ата-аналарымен сабақ өтті. Сабақ барысында мектеп психологтары тренингтер мен бала тәрбиесіндегі қызықты ақпараттармен бөлісті.

Мектебіміздің 9-сынып оқушыларының ата-аналар жиналысында кәсіби таңдау бойынша кеңестер, оқу орындары туралы ақпарат берілді. Ата-аналар Жарқын Болашақ бағдарламасымен таныстырылып, оқуға қабылдану тәртібі туралы ақпараттандырылды. Бағдарлама бойынша түсуге болатын колледждер мен мамандықтар тізімімен таныстырылды.

#кәсіптікбағдарберу

Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында 5 сынып жетекшілері К.Елтизарова мен Г.Танатованың ұйымдастыруымен «Қолайлы жағдай жасау әдістері» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізілді.
Мақсаты: Жасөспірімдік шақ – бұл маңызды физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік өзгерістермен сипатталатын өмір кезеңі. Әдетте жасөспірімдік кезең 10-12 мен 18-21 жас аралығын қамтиды, дегенмен нақты шекаралар мәдени және әлеуметтік факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.

#біртұтастәрбие
#атааналардыпедагогикалыққолдау

Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында “Ата-аналардың эмоциялық күйреуі: оны қалай болдырмауға және жеңуге болады?” тақырыбында 11 сыныптың ата-аналармен жиналысы өткізілді.
Жиналыста кәсіптік бағдар беру маманы Бактыбай Камила қаңтар ҰБТ қорытындысын талқылады. Ата-аналарға кәсіптік бағыт-бағдар берді. Оқу ісі меңгерушісі Молдабекова Асел Орынбасаровна Мемлекеттің қорытынды аттестаттаудың ережесімен таныстырды.
Ата-аналар өз тараптарынан сұрақтар қойылып жауабы алынды.

#Біртұтастәрбие
#Ата-аналардыпедагогикалыққолдау

9”В” сынып жетекшісі Жиева Гүлмираның ұйымдастыруымен “Жасөспірімдердің интеллектуалды дамуы” тақырыбында ата-аналармен педагогикалық қолдау сабағы өткізілді.
#атааналардыпедагогикалыққолдау

Мектебімізде«Әке асқар тау – биік шың» атты тақырыбында әкелер форумы өтті. Форумның мақсаты әкелердің балалардың тәрбиесіндегі, отбасындағы және қоғамдағы рөлін арттыру.
Ер адамның бейнесін қалыптастырудағы әкенің рөлі мен жауапкершілігі талқыланған форумға зиялы қауым өкілдері Маңғыстау облысының ата-аналар кеңесінің төрағасы, облыстық әкелер одағының төрағасы – Қонарбаев Аллаберген Әзірбайжанұлы «Байтақ» жасылдар партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы – Бисикенов Әсет Орынбайұлы әкелер одағының мүшесі, ақын жазушы – Қаржаубай Рейимбайұлы қатысты.
Форумның ашылуы ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында, мектебіміздің спорт залында бес тас,тоғызқұмалақ,садақ ату,асық ату, арқан тартыс,қазақша күрес ойындары ұйымдастырылса ,акт залда әкелермен кездесу өтті. Форум жұмысына қатыс¬қан сарапшылар ұлттық құндылық, патриотизм, бұқаралық спорт, өмірлік маңызды дағдылар, отбасылық білім және демалыс, мектеп жанындағы әкелер кеңестерінің маңызы секілді тақырыптарға жан-жақты тоқталды. Тәрбиелік мәні зор болған іс-шарада отбасындағы әкенің рөлі, тәрбиесі кеңінен сөз болды. Бүгінгі форумға қатысқан әрбір ер адам баласының өміріндегі өз орнын терең түсініп, ой қорытты.
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие
#Әкеасқартаубиікшың

Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы жоспарына сәйкес 1 “в” сынып жетекшісі А.Джонелбаеваның ұйымдастыруымен “Балаларда логикалық ойлаудың негізгі аспектілері” тақырыбында ата-аналармен танымдылық сабақ өткізілді.
#біртұтастәрбие
#атааналардыпедагогикалыққолда

Ата-аналарды педагогикалық қолдау аясында “Ұйқының оқушы организміне және психикалық жағдайына әсері” тақырыбында 10 сынып жетекшілері Ж.Жидебаева және Г.Акболатованың ұйымдастыруымен ата-аналармен педагогикалық сабақ өткізілді. Ата-аналарға ұйқының маңызы, жасөспірімдер ағзасына физиологиялық және психикалық әсері, ұйқы режимін сақтау, ұйқы режимінің бұзылу салдары туралы айтылды.
#біртұтастәрбие
#атааналардыпедагогикалыққолдау

Мектебімізде отбасы апталығы аясында
Назарова Хамира ұйымдастыруымен
5-7 сыныптар арасында тақырыбында «Бақытты балалық шақ» сурет байқауы өтті.⠀

Мақсаты: Бала бойына осы байқау арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Отбасы мүшелері арасындағы сыйластықты, сүйіспеншілікті нығайтуына ықпал ету.

Байқауға қатысқан барлық оқушылар өздерінің салған әдемі де, әсерлі суреттерін салып, белсенділік танытты.

Байқау нәтижесінде І орынды 6«Б» сынып оқушысы Алпамыс Сымбат, ІІ орынды 6 «А»Дәулет Құлнияз сынып оқушысы мен Жұмажан Нұршат, ІІІ орынды 7 «В» сынып оқушысы Жакен Мұхаммедсалих Айса Нұртас 7 «Б» иеленді.

Мектебімізде 2024 жылдың
6 қыркүйек күні отбасы күні аясында “Денсаулық фестивалі — 2024” іс-шарасы өткізілді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен мектеп парламентінің ұйымдастыруымен өткізілген шараға мектеп оқушылары белсене қатысты.
Шараның мақсаты — оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды спортқа тарту, оларға денсаулықтың қадірін түсіндіру.

Ата-аналарға

“Анаға тағзым” саябағына серуендеу.

Теңге ауылындағы “Анаға тағзым” саябағына саяхат ұйымдастырылды.

Мектеп жанынан ашылған “Балауса” жазғы демалыс лагерінде лагерьлер арасында достық кездесу ұйымдастырылды. Достық кездесуде балалар арасында футболдан жарыс өтті. Жарыс нәтижесі бойынша “Балауса” жазғы демалыс лагерінің командасы жеңіске жетті. Командалар дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

“Балауса” жазғы демалыс лагерінің іс-шара жоспарына сәйкес, “Маңғыстауым-туған жерім” атты бейнеролик көрсетілді. Мақсаты: туған жерінің тарихымен таныстыра отырып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары С.Шинбаева және мектеп инспекторы Н.Сулейманов бастауыш сынып оқушыларына “Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары” жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді.

“14 жалпы білім беретін мектеп” КММ-сі жанынан ашылған “Балауса” жазғы демалыс лагерінің іс-шара жоспары бойынша кинотеатрға бару.

Ата-аналар жиналысы:
Күн тәртібінде:
1. 2024-2025 оқу жылының басталуы;
2. Мектеп формасы жөнінде бұйрықты таныстыру.

5 сынып жетекшілері Жайлиева Жанар, Ағаниязова Шолпан ата-аналарға 2024-2025 оқу жылында мектеп формасы жөнінде айтып өтті.

Білім алушы ҚРБжҒ министрінің 2014жылғы 16 қаңтардағы 26 бұйрығына сәйкес, бірыңғай мектеп формасына сай киінуге, білім беру ұйымының талабы бойынша мектеп формасына қатаң сақтауға ата-аналар мен мектеп білім алушыларына түсінік жұмыстарын жүргізді.

Отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, ата-аналарға, үлкендерге құрмет көрсету мақсатында мектебімізде «Отбасым — алтын бесігім» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. Сынып сағат барысында отбасы бақыты, отбасы құндылығы туралы оқушыларға түсіндірілді.

Ата-аналарға

Отбасы күніне орай мектебіміздің құқық пәні мұғалімі Кожабекова Клара 10 А сынып оқушыларымен бірге “ Бала және оның құқығы” тақырыбында дөңгеле үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру.

Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру болды. Дөңгелек үстелде оқушылар мұғалімімен бірге құқықтары мен міндеттерін тізбектеп талқылады, білімдерін арттырды. Бұл шараға мектеп инспекторлары да қатысып оқушыларға құқық бұзушылықтардан аулақ болуын ескертіп өтті.

Ата-аналарға

Оқушыларды жазатайым оқиғалардан қорғау, өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында мектеп оқушыларына “Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі” туралы жадынама таратылды

Ата-аналарға
Тұрмыстық өрт қауіпсіздігі бойынша жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша Теңге кентінің тұрғындарына және мектеп ата-аналарына жадынамалар таратылды!
Мектебімізде “Дүниежүзілік балаларды қорғау күні : балаларға арналған өмір” атты республикалық онкүндік аясында “Бақытты бала — бейбіт елдің тірегі” атты мектебіміздің көпбалалы ата-аналарды қолдау мақсатында шағын дөңгелек үстел өтті.
Ата-аналарға

Жаңалықтар

Фотогалерея