Жаңалықтар

15 наурыз Қайырымдылық күні
“Қазақстан халқына” қоғамдық қоры Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен құрылды. Білім беру саласында “Ауыл өңірлеріндегі тірек мектептердің әлеуетін арттыру” яғни оның ішінде “Жаздық жолдама” жобасыда бар. Осыған орай мектебімізде ауыл әкімі Шаудирбаев Талғат Қалибайұлының қатысумен Теңге ауылында орналасқан мектептерге “Қазақстан халқына Жаздық жолдама — 2024” қайырымдылық жобасы аясында жолдамаларды сыйға тартты.

Мектеп жетістіктері

Мектеп жанынан ашылған “Балауса” жазғы демалыс лагерінде лагерьлер арасында достық кездесу ұйымдастырылды. Достық кездесуде балалар арасында футболдан жарыс өтті. Жарыс нәтижесі бойынша “Балауса” жазғы демалыс лагерінің командасы жеңіске жетті. Командалар дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

8-11 білім алушылар арасында Қалалық “Мәшhүр Жүсіп оқулары” байқауында қалалық кезеңінде жүлделі орындарға ие болды.
“Білімді зерек адам болам! — десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен” эссе жазу бағыты бойынша мектебіміздің 8-сынып оқушысы Аразмухаммед Жаңылсын І орынға ие болды.

“Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы”ғылыми зерттеу бағыты бойынша ll орынға ие болған мектебіміздің 10-сынып оқушысы Алиқызы Ардақ марапатталды.

Жетекшісі:қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жайлиева Ж

Білім алушыларымыз үлкен жетістіктерге жете берсін

2-4 сынып оқушыларына арналған бастауыш сынып олимпиадасының қалалық кезеңінде мектебіміздің 3-сынып оқушысы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Шын жүректен құттықтаймыз!
Жетекшісі: Айдарова Райса

2-4 сынып оқушыларына арналған бастауыш сынып олимпиадасының қалалық кезеңінде мектебіміздің 3-сынып оқушысы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Шын жүректен құттықтаймыз!
Жетекшісі: Айдарова Райса

Жаңалықтар

Фотогалерея

Мектеп жетістіктері