Жаңалықтар

Құрметті ата-аналар ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау басталады!

ҚР БжҒМ-ң 16.10.2018 жылғы № 564 бұйрығына сәйкес, бірінші сыныбына қабылданатын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен бастап 31 тамызына дейін жүзеге асырылады.

Қажет құжаттар тізімі:
* баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
* 052-2/у нысаны бойынша денсаулық паспорты;
* 065/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат (екпе картасы);
* 3х4 көлеміндегі фотосуреттің екі данасы.
* қажеттілігіне қарай ПМПК тұжырымдамасы (ерекше білімді қажет ететін балалар үшін).

Фотогалерея

1 сыныпқа қабылдау