Кітапхана
Бақытты отбасы — зорлық – зомбылықсыз әлем!
№14 мектеп кітапханасы қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күніне» орай «Бақытты отбасы – зорлық – зомбылықсыз әлем» атты онлайн кітап көрмесі ұйымдастырылды. Отбасы – баланың ең алғашқы ұжымы, тәрбие мен ұлттық құндылықтардың негізі қаланатын орын. Қазақ қоғамында отбасы әрқашан қасиетті саналып, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал бекер айтылмаған. Қоғамда тәрбиелі ұрпақ өсіру әр отбасының міндеті саналады.
📚 “Мен оқыған бір кітап” атты дөңгелек үстел
Мектебіміздің кітапханасында “Мен оқыған бір кітап” атты тәрбиелік мәні зор дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында “Тасжарған: Самғар күнделігі” кітабы негізге алынып, ұстаздарымыз тәрбиелік мәні бар ой-пікірлерін, қызықты түйіндерін ортаға салды. Сонымен қатар, кітаптардың шығу тарихы, мазмұны, автор көздеген идеялар мен заманауи оқырманға берер құндылығы жан-жақты қарастырылды.
Дөңгелек үстел — мұғалімдердің көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, көзқарасын қалыптастыруға бағытталған мазмұнды кездесу болды.
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Меноқығанбіркітап
#біртұтас_тәрбие
Оқушылар “KitapTime: Білім мен жаңалықтың әлемі” кітап оқу байқауына қатысуға ықылас танытып, кітапханадан кітаптарды алып, жарысқа дайындықтарын бастады.
Құрметті оқушылар! 📖
Сіздерді KitapTime: Білім мен жаңалықтың әлемі кітап оқу жарысына қатысуға шақырамыз! 🏆 Бұл жарыс – кітапты сүйетіндердің арасында жаңа білім мен тәжірибе алмасудың тамаша мүмкіндігі!
Жарыс қалай өтеді?
🔻Қатысу үшін “Тасжарған” кітабын оқып, оның мазмұны мен негізгі идеяларын түсініп, біз қойған сұрақтарға жауап бересіз. Яғни 1-кезең — Тест.
🔸Сұрақтар кітаптың мазмұны, кейіпкерлері, оқиға желісі туралы болады.
🔻2-кезең. Эссе. Шығармадан алған әсерлеріңіз туралы жазу.
🎁Жеңімпаздар арнайы жүлде, сыйлық, дипломдармен марапатталады!
🔥 Қатысыңыз, жеңіңіз, және жаңа әлемдерді ашыңыз!
«Ертегі әлемінде» тақырыбында оқуға құштар мектеп жобасы аясында бастауыш сыныптар аралығында кітап оқу.
#біртұтас_тәрбие
#nauryznama2025
📚№14 мектеп кітапханасында 14 ақпан — халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтетіндігін хабарлаймыз! Егерде үйлеріңізде оқылмай тұрған көркем — әдеби шығармаларыңыз болса кітапханаға сыйлауларыңызға болады.
📚«Kiтaп сыйлау акциясы» сіздің кітабыңыздың өмірін ұзартуға мүмкіндік береді. Кітапханаға кітап сыйлап, оқырман қауымын қуантуға асығыңыздар!
#біртұтас_тәрбие #кітапханағакітапсыйла📚#кiтaпсыйлауакциясы

📚«Оқуға құштар мектеп” он кітап жобасы аясында өткізілген челленджге 8 “А” сынып оқушылары қатысты.
📚Челлендждің мақсаты: білім алушылардың оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту.
Сынып жетекшісі Исболсынова Света.
#біртұтастәрбие #оқуғақұштармектеп
@zhanaozen_bilim_bolimi
📚“Оқуға құштар мектеп” он кітап жобасы аясында өткізілген челленджге 8 “Б” сынып оқушылары қатысты.
📚Челлендждің мақсаты: білім алушылардың оқу мәдениетін дамыту және белсенді кітап оқуға тарту.
Сынып жетекшісі Муханова Ғалия.
#біртұтастәрбие #оқуғақұштармектеп
@zhanaozen_bilim_bolimi
Мектебімізде қысқы демалыс күндерін тиімді өткізу мақсатында 5-сыныптар арасында “Менің сүйікті кітабым” атты челлендж ұйымдастырылды.
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие
#қысқыдемалыс2025.
#Меніңсүйіктікітабым
Мектебімізде қысқы демалыс күндерін тиімді өткізу мақсатында 5-сыныптар арасында “Менің сүйікті кітабым” атты челлендж ұйымдастырылды.
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие
#қысқыдемалыс2025.
#Меніңсүйіктікітабым
Мектебімізде қысқы демалыс күндерін тиімді өткізу мақсатында 5-сыныптар арасында “Менің сүйікті кітабым” атты челлендж ұйымдастырылды.
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие
#қысқыдемалыс2025.
#Меніңсүйіктікітабым
Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы “Балалар кітапханасы “ бағдарламасы және “Оқуға құштар мектеп “ жобасын іске асыру аясында 2024 — 2025 оқу жылының 30 желтоқсан — 8 қаңтар аралығындағы қысқы демалыс кезінде мектеп оқушыларының бос уақытын пайдалы өткізу мақсатында оқушылар оқитын әдебиеттер тізімін ұсыныс ретінде жолдайды.
#БалаларКітапханасы
#ҚысқыКаникул2024
#ОқуғаҚұштарМектеп
14 жалпы білім беретін мектеп кітапханасы мен 2 бөлімше Теңге ауылдық кітапханасы мен бірлесе отырып 14 жалпы білім беретін мектеп жанынан құралған “Балауса “ демалыс лагерь балаларымен мақал — мәтел сайысы ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқырмандарды “Сөз мәйегі-мақал” дегендей ата — бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты ой айтуға үйрету, ана тілінде сөйлеу шеберлігін арттыру, сөздік қорын молайту. Мақалдап, мәтелдеп сөйлеу мәнеріне дағдыландыру.




Жоспарға сәйкес “Балауса” жазғы демалыс лагерінің демалушылары “Атамұра” мәдениет үйінің мамандарымен кездесті.



6 наурыз — Кітап күні
#Оқуға құштар мектеп
#Ұлттыққұндылық
#Кітапкүні


Іс-шара жоспарына сәйкес, Теңге ауылдық кітапханасымен ”Оқитын өлке” жоба аясында “№14 жалпы білім беретін мектеп” КММ-сі жанынан ашылған “Балауса” жазғы демалыс лагерінің балаларымен “буккроссинг” өткізілді. Жобаның мақсаты: Қазіргі оқушыны кітапқа назарын аудару, заманауи интерактифті тәсілдер арқылы қызығушылығын арттыру. Кітапханашы Иманова Анар жобаның мақсатын түсіндіріп, оқырмандар арасында викториналық сұрақтар өткізді.




Фотогалерея


