Тәрбие бөлімі
📸✨ Білім берудегі жасанды интеллект! 🤖📚
Мұғалімдерге арналған «Жасанды интеллект болашақ технологиясы» атты семинар өтті.
Қатысушылар Gamma, Gemini Ai, Microsoft Copilot, Character ai, Capcut ai сияқты заманауи құралдармен жұмыс істеп, AI мүмкіндіктерін тәжірибеде қолданды.
Осындай шаралар ұстаздардың цифрлық дағдыларын дамытып, білім беру сапасын арттыруға жол ашады! 🌟
#ЖасандыИнтеллект #ЦифрлықБілім #Мұғалім2025 #EdTech #AIinEducation #БілімБерудегіИнновация
Мектебіміздің іс-шара жоспарына сәйкес, құмыра жасау шеберлік сағаты өткізілді. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Нұрдәулет Қанабаев оқушылардың саз балшықтан құмыра жасаудың жолдарын көрсетіп, оқушыларға үйретті.
Іс-шара жоспарына сәйкес «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында 🍂 «Күзгі асар» жәрмеңкесі барысында мектебіміздің білім алушылары арасында 🍂»Күз кереметтері» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
🌾Жәрмеңкенің мақсаты:
🍂оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыру;
🍂дәстүрлі құндылықтарды насихаттау;
🍂мектеп пен ата-аналар арасындағы байланысты нығайту
🌻Көрмеге білім алушылар өз қолымен көкөніс пен жемістерден әр түрлі бұйымдар жасап күздің кереметін көрсетуге ат салысты.
Мектеп ұжымы мен оқушылар көрмені қызыға тамашалап, ерекше әсер алды. Жәрмеңкеге атсалысқан оқушылар мен ата-аналарға алғыс білдіреміз.
25 қазан-Республика күніне арналған іс-шара жоспарына сәйкес, «Республика күнінің
маңызы» тақырыптарында сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтауға үйрету.
“Телефон алаяқтарынан сақтану, желідегі қауіпсіздік” тақырыбында құқық қорғау бөлімі мамандарынның қатысуымен мектептің 8,9,10 сынып оқушыларымен жиналыс болып өтті. Жиналысқа Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторы бастығы, полиция аға лейтенанты-Ж. Еңбекұлы, әкімшілік полиция бастығы, полиция капитаны -Қ. Бақбергенов қатысты.
Мектептің 6-7 сынып ер балаларына “Заң және тәртіп” тақырыбында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің баптары түсіндірілді
Қоғам қайраткері Тобанияз Әлниязұлының туғанына 150 жыл толуына орай, мектеп оқушыларына бейнеролик көрсетіліп, Тобанияз Әлниязұлы туралы деректер таныстырылды
Ағымдағы жылда мектебімізде«Қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.Оқушылар аталған тақырып бойынша топқа бөлініп постер арқылы берілген тапсырмаларды орындады.
Мақсаты: үйдегі қауіпсіздік ережелерін сақтап, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін білу, өрттен сақтану жолдарын үйрету, оттың тілсіз жау екенін және сіріңке т.б. түрлі тез тұтандырғыш заттармен ойнамау керектігін ескерту. Жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге, жауапкершілікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу.
#біртұтас_тәрбие
#қауіпсізбалалықшақ
@zhanaozen_bilim_bolimi
Наурыз мерекесіне арналған іс- шара жоспары аясында “Бауырсақ пати” өтті. Ұстаздар мен оқушылар бір мақал айту арқылы бір бауырсақ алады. Іс-шараның мақсаты: Ұлттық дәстүрімізді, қонақжайлық пен мейірімділікті дәріптеу, айналадағыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай отырып, ыстық бауырсақ арқылы ыстық ықылас, жылы лебіздерін сезіндіру.
Мектеп оқушыларын, ұстаздарын Наурыз мерекесімен құттықтап,бауырсақтан дәм ауыз тиюге шақырды.Ұлттық тағамдарымызды дәріптеп молшылық пен тоқшылық болсын деп баталары мен тілектерін айтты.
Бастауыш сынып оқушылары үшін көктемгі демалыста мультфильм көру – көңілді әрі танымдық демалыстың бір бөлігі.Оқушыларға мультфильм ұнап жақсы әсер алды.
#nauryznama2025
Оқушылардың тарихты зерделеу арқылы туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырудың бірден-бір жолы – мұражай сабақтарын мұражайларда, тарихи орындарда, тарихи ескерткіштерде, киелі жерлерде өткізу. Осы мақсатта, мектебіміздің бастауыш сыныптың оқушылары «Өз еліңді таны» жобасы аясында Теңге ауылындағы «Анаға тағзым» ескерткішіне барып танысқан болатын.
#біртұтас_тәрбие
#өзеліңдітаны
#nauryznama2025
Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес балалардың көктемгі демалысын ұйымдастыру іс-шара аясында “Отбасылық дәстүрлер”тақырыбында шаралар ұйымдастырылды. Мектебіміздің оқушылары көктемгі демалыс күндерін отбасыларымен бірге өткізді.
@zhanaozen_bilim_bolimi
#отбасылықдәстүрлер
#nauryznama2025
Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес балалардың көктемгі демалысын ұйымдастыру іс-шарасы аясында “Отбасылық дәстүрлер”тақырыбында шаралар ұйымдастырылды. Мектебіміздің оқушылары көктемгі демалыс күндерін отбасыларымен бірге өткізді.
@zhanaozen_bilim_bolimi
#отбасылықдәстүрлер
#nauryznama2025
Ағымдағы жылдың 20.03.2025ж күні мектебімізде”Күй күмбірі “біріңғай республикалық челленджі ұйымдастырылды. Челлендждің міндеті – білім алушылардың қазақ халқының музыкалық мәдениетіне қызығушылықтарын ояту, орындаушылық дағдыларын қалыптастыру, қазақ халқы аспаптарының дыбысталуы туралы білімдерін кеңейту, домбыраның сүйемелдеуімен музыка ойнаудың ұжымдық түрлерін жетілдіру.
@zhanaozen_bilim_bolimi
#біртұтас_тәрбие
#күйкүмбірі
#nauryznama2025
19.03.25ж 14ЖББМ
«Бес асық»»Бес табан» ойындарынан «Асык жинауда бір өнер»дәстүрін өткізуді ұсынады.@asyq_sporty
@salauatty Kazakhstan
Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес балалардың көктемгі демалысын ұйымдастыру мақсатында 8-сынып окушылары «Менің отбасым–бақыт мекені» такырыбында эссе жазды.
@zhanaozen_bilim_bolimi
#nauryznama2025
#біртұтас_тәрбие
#Отбасыбақыт мекені
⚜️17 НАУРЫЗ — ШАҢЫРАҚ КҮНІ
Наурыз мерекесі аясында мектебімізде “17 наурыз – Шаңырақ күні” атап өтілді.
Шара барысында әжелеріміз ұлттық тағам Наурыз көженің жасалу жолдарымен қосылатын 7 тағам түрлерімен таныстырды.
Сонымен қатар дөңгелек үстел басында оқушылармен пікір алмасып наурыз көжеден дәм татқызды.
🔆Бұл күн – отбасы құндылықтарын дәріптеп, бірлік пен берекені нығайтуға арналған ерекше мереке. Әр шаңыраққа амандық, татулық пен молшылық тілейміз. Шаңырағыңыз биік, керегеңіз кең, босағаңыз берік болсын!
@zhanaozen_bilim_bolimi
#nauryznama2025
#біртұтас_тәрбие
#Шаңырақкүні
⚜️ “АМАЛ КЕЛДІ — ЖЫЛ КЕЛДІ⚜️
14.03.2025 ж. мектебімізде «Амал мерекесі — Көрісу күні» атты мерекелік іс-шара өтті.
🔆Қазақ халқының көнеден келе жатқан мерекелерінің бірі – Көрісу күні.
🔆14 наурыз күні жасы кішілер ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерге барып, қос қолын беріп, көріседі.
🔆Көңілде өкпе-реніштері болса, кешіреді. Бұл күні оқушыларымыз бір-бірін ұлыстың алғашқы күнімен құттықтап, қолын төсіне қойып сәлемдесіп, көрісу рәсімін жасады.
Сонымен қатар Ұлыстың ұлы күні қарсаңында “Қош келдің, Наурыз!” атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Аталмыш шара барысында ақ жаулықты асыл әжеміз оқушыларға, жайылған ақ дастарқанға, қос бұрымды нәзік қыздарымызға, батыл ұлдарымызға арналған ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді. Әжелеріміз ән айтып, ұлттық салт-дәстүрлерден ұршық иіру, тыйым сөздерден ерекше қойылым көрсетті. Оқушылар ұлттық салт дәстүрлермен танысып, ерекше ықыласпен, көтеріңкі көңіл-күймен қойылымдарды тамашалады.
⚜️Келе жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын!
@zhanaozen_bilim_bolimi
#nauryznama2025
#біртұтас_тәрбие
#Birtutas_tarbie
1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!🌷
Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері ұстаздарымызды алғыс айту күнімен құттықтады.
Бұл күннің басты мақсаты — өзіміздің өміріміздегі маңызды адамдарға ризашылығымызды білдіру. Әрбір күлімсіреу, әрбір қолдау, әрбір сөз жүректі жылытады. Осы күнді пайдаланып ұстаздарымызға, жақындарымызға, достарымызға және бізге жақсылық жасаған барлық адамдарға шын жүректен алғыс айтамыз!🤗
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие
#Алғысайтукүні
1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!🌷
8 ”А” сынып оқушылары алғыс айту күніне орай ата-аналарына алғыстарын білдірді. Сынып жетекшісі Исболсынова Света.
Бұл күннің басты мақсаты — өзіміздің өміріміздегі маңызды адамдарға ризашылығымызды білдіру. Әрбір күлімсіреу, әрбір қолдау, әрбір сөз жүректі жылытады. Осы күнді пайдаланып ұстаздарымызға, жақындарымызға, достарымызға және бізге жақсылық жасаған барлық адамдарға шын жүректен алғыс айтамыз!🤗
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие
#Алғысайтукүні
1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!🌷
5 ”В” сынып оқушылары “Алғыс айту-адамгершілік белгісі” челленджін жолдай отыра, ұстаздарымызды алғыс айту күнімен құттықтады.
Бұл күннің басты мақсаты — өзіміздің өміріміздегі маңызды адамдарға ризашылығымызды білдіру. Әрбір күлімсіреу, әрбір қолдау, әрбір сөз жүректі жылытады. Осы күнді пайдаланып ұстаздарымызға, жақындарымызға, достарымызға және бізге жақсылық жасаған барлық адамдарға шын жүректен алғыс айтамыз!🤗
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие
#Алғысайтукүні
Алғыс айту — ізгілік пен мейірімнің белгісі!🌼
2”В” сынып оқушылары “Алғыс айту-адамгершілік белгісі” челленджін жолдайды. Сынып жетекшісі Куванова Меруерт.
📚Ұстаздарға — білім мен тәрбие бергені үшін,
🧑🧑🧒🧒Ата-аналарға — қамқорлығы мен махааббаты үшін,
🤗Достарға — қолдауы мен шынайы достығы үшін,
🌍Барша жақсы жандарға — мейірімділігі мен жақсылығы үшін үлкен рақмет!
Көңіліміз әрдайым ризашылық пен жылылыққа толы болсын!❤️
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие
#Алғысайтукүні
Ақпан айының 26сы күні мектептің 6-7 сынып оқушыларымен көліктегі құқықбұзушылықтың және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның жолын кесу мақсатында түсінік жұмыстары жүргізілді. Мектеп инспекторы Е. Халмурзаев оқушыларға жол жүру барысында кез келген құқықбұзушылық болған жағдайда алынатын шаралар туралы түсіндірді.
#жолдажүруережесі
#құқықбұзушылық
#сыбайласжемқорлық
1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!🌷
Мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері ұстаздарымызды алғыс айту күнімен құттықтады.
Бұл күннің басты мақсаты — өзіміздің өміріміздегі маңызды адамдарға ризашылығымызды білдіру. Әрбір күлімсіреу, әрбір қолдау, әрбір сөз жүректі жылытады. Осы күнді пайдаланып ұстаздарымызға, жақындарымызға, достарымызға және бізге жақсылық жасаған барлық адамдарға шын жүректен алғыс айтамыз!
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие
#Алғысайтукүні
Мектебімізде «Жол көлік оқиғалары мен жастар арасындағы құқық бұзушылықтың, есірткіге тәуелділіктің алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жаңаөзен қаласы ПБ Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің басшысы полиция капитаны Абиева Мадина Мухамбетовна, Жаңаөзен қаласы ПБ КПБ жедел уәкіл полиция майоры А.Уалиханұлы, Жаңаөзен қаласы ЖПҚБ УПИК полиция лейтенанты Аманжол Бекарыс Есентайұлы, Жаңаөзен қаласы ПБ-ның ЖПҚБ УПИ полиция майоры Ж.Тулепбергенов мектептің 8,9 сынып оқушыларына жол-көлік оқиғалары туралы түсінік беріп, жол-көлік оқиғаларының және оның салдарының алдын алу бүкіл қоғамдық мәселе екенін айтып өтті. «Жол ережесін сақтау – қауіпсіздік кепілі» елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп, жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да, жол-көлік оқиғаларының қаупі де арта түскендігі айтылып, жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет екенін айтып өтті.
@zhanaozen_bilim_bolimi
#жолережесінсақтаймыз
#құқықбұзушылықтыңалдыналу
#біртұтас_тәрбиебағдарламасы
#қауіпсіздікережелер
Алғыс айту — ізгілік пен мейірімнің белгісі!🌸
4”Б” сынып оқушылары “Алғыс айту-адамгершілік белгісі” челленджін жолдайды. Сынып жетекшісі Алпысбай Айгерім.
📚Ұстаздарға — білім мен тәрбие бергені үшін,
🧑🧑🧒🧒Ата-аналарға — қамқорлығы мен махааббаты үшін,
🤗Достарға — қолдауы мен шынайы достығы үшін,
🌍Барша жақсы жандарға — мейірімділігі мен жақсылығы үшін үлкен рақмет!
Көңіліміз әрдайым ризашылық пен жылылыққа толы болсын!❤️
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие
#Алғысайтукүні
Мектебімізде «Ауғаныстан- біздің есімізде» тақырыбындағы Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кеш қонақтары ауған соғысының ардагері Көпжасаров Жарылқасын ,Туберов Аманжол
Мақсаты:
Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагерлер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі етіу. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Кеш барысында өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан ардагерлеріміз өткен күнді еске алып, тағылымды әңгімелерімен бөлісіп қана қоймай, болашақ жастардың тәлім-тәрбиесі жайлы ой өрбітті.
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#біртұтастәрбие
#ауғанстанбіздіңесімізде
Алғыс айту күніне арналған республикалық челлендж басталды. Осыған орай мектебіміздің оқушылары мен парламент мүшелері бірігіп Алғыс күніне арналған «Алтын жүрек» атты челлендж өткізді.
Челлендж өткізудің негізгі мақсаты — мектеп оқушылары мен ата-аналардың өз қолдарымен дайындаған тәтті тағамдарынан « тәттілер жәрмеңкесі» ұйымдастырып түскен қаражатқа ауылымыздағы күнелтісі төмен немесе көмекке зәру отбасыларына ұсыну арқылы оқушыларымызды кішіпейілдікке, адамгершілікке, тазалыққа, жанашырлыққа, достыққа, ауызбірлікке баулу.
«Алтын жүрек» атты челлендж аясында ,ауылымыздың қарты Сарсенбай Қоңыршаның үйіне «Қайырымдылық фракциясы» мүшелері барып,тәтті тағамдар апарып Қоңырша апаға қол қабыстарын тигізді.Оқушыларымыз көше тазалаушы апайларға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп тәттілер үлестірді.
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие
#Алтынжүрек 2025
Мектебімізде Маңғыстау облысының прокуратурасымен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысты, құқық бұзушылықты, ерте жүктілікті болдырмау және олардың алдын алу, оқушылар қауіпсіздігін сақтау мақсатында бейне-ролик көрсетілді.
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие
#Құқықбұзушылықболдырмау
Мектебіміздің тәлімгері Еділбаева Гүлбану мектеп белсенділерімен алдағы жоспарларды талқылау сәтінен🤗
#мектеппарламенті #14мектеп #белсенділер
Мектебімізде “Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам” тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
✅Мақсаты:
1. Оқушыларға интернет және цифрлық технологияларды пайдалану барысында
қауіпсіздік ережелерін үйрету.
2. Жеке ақпаратты қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.
3. Интернеттегі зиянды мазмұндардан сақтануды үйрету және ақпараттық
сауаттылықты арттыру.
Қазіргі заманда әлеуметтік желілер біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Біз олар арқылы ақпарат алмасамыз, байланыс орнатамыз және өзіміз туралы ақпаратты жариялаймыз. Дегенмен, әлеуметтік желілерде қауіпсіздік мәселелерін ескермеу жеке өмірге және онлайн беделге зиян келтіруі мүмкін.
“ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!” челленджі
Өзін-өзі басқару ұйымы “ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!” челленджін ұйымдастырды.
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие
#есірткігежолжоқ
“Есірткіге жол жоқ!” челленджі
✅2025 жылдың 27-31 каңтар аралығында республика бойынша
білім алушылар арасында салауатты
өмір салтын насихаттау және
балалардың физикалық, психологиялық, эмоционалдық денсаулығына ықлал ету
мақсатында “Есірткіге жол жоқ!” челленджі өтеді.
✅Бұл шараның басты мақсаты —
жас ұрпақты кез келген жаман
әдеттен сақтандыру, дұрыс өмір
сурудің маңыздылығын түсіндіру және салауатты өмір салтын ұстануға баулу.
✅Челлендж барысында оқушылар өздерінің белсенділіктерін
бейнеролик арқылы көрсетті.
Ағымдағы жылда мектебімізде«Қауіпсіз
балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағаттары
өткізілді.Оқушылар аталған тақырып бойынша топка бөлініп постер арқылы берілген тапсырмаларды
орындады.
Мақсаты: үйдегі қауіпсіздік ережелерін сақтап, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін білу, өрттен сақтану жолдарың үйрету, оттын тілсіз жау екенін және сірінке т.б. түрлі тез тутандырғыш заттармен ойнамау керектігін ескерту.
Жолда журу ережесін дұрыс тусініп оны пайдалана білуге, жауапкершілікке, жол ережесін бұлжытпай
сақтауға тәрбиелеу.
#біртұтас-тәрбие
#қауіпсізбалалықшақ
@zhanaozen_bilim_bolimi
9 “Б” сынып жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мақсатқызы Амангүлдің ұйымдастыруымен “Баланың бас ұстазы — ата-ана” тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты:
•Қазіргі кездегі интернеттегі қауіптермен таныстыру;
•Шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллингпен таныстыру;
•Баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін жағдайлардан сақтау, алдын алу;
Жиналыс барысында әр түрлі ойындар, танысу тренингтері, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Ата-аналар өз ойларын еркін жеткізіп, белсенді қатысты.
#Біртұтастәрбие
#педагогикалыққолдау
#ата-ана
Сыбайлас жемқорлықлықтың алдын алуға бағытталған сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты оұушыларға «сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту болды.
#сыбайласжемқорлық

Әр дүйсенбі мектебімізде оқушыларға патриоттық тәрбие беру, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту мақсатында әнұран орындалады. Әр елдің тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар. Олар: Гимн, Елтаңба және Туы.
#біртұтас_тәрбие
#Маңғыстау _облысы біртұтас тәрбие
#Ұлттықтәрбие
“Ұлттық ойын — ұлт қазынасы” тақырыбында үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде өткізу мақсатында тоғызқұмалақ, шашка, шахмат, бес тас, асық ату ойнатылып тұрады.
#біртұтас_тәрбие
#Маңғыстау _облысы біртұтас тәрбие
#Ұлттықтәрбие
Біздің мектебімізде әлеуметтік колдауды қажет ететін оқушыларға арналған «Жаңа жыл — 2025» атты ойын-сауық бағдарламасы өткізілді.
Іс-шара барысында Асхана жетекшісі » ИП
Тарбанов» 108 баланы тәтті сыйлықтармен қуантса, педагогтар көтерінкі Жаңа жылдық көңіл күй сыйлады
Қысқы каникул жоспарына сәйкес мектеп білім алушылары арасында “Көңілді эстафеталық ойындар” өткізілді.
Мектебімізде отбасы апталығы аясында
Назарова Хамира ұйымдастыруымен
5-7 сыныптар арасында тақырыбында «Бақытты балалық шақ» сурет байқауы өтті.⠀
Мақсаты: Бала бойына осы байқау арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Отбасы мүшелері арасындағы сыйластықты, сүйіспеншілікті нығайтуына ықпал ету.
Байқауға қатысқан барлық оқушылар өздерінің салған әдемі де, әсерлі суреттерін салып, белсенділік танытты.
Байқау нәтижесінде І орынды 6«Б» сынып оқушысы Алпамыс Сымбат, ІІ орынды 6 «А»Дәулет Құлнияз сынып оқушысы мен Жұмажан Нұршат, ІІІ орынды 7 «В» сынып оқушысы Жакен Мұхаммедсалих Айса Нұртас 7 «Б» иеленді.


Мектебімізде 2024 жылдың
6 қыркүйек күні отбасы күні аясында “Денсаулық фестивалі — 2024” іс-шарасы өткізілді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен мектеп парламентінің ұйымдастыруымен өткізілген шараға мектеп оқушылары белсене қатысты.
Шараның мақсаты — оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды спортқа тарту, оларға денсаулықтың қадірін түсіндіру.

Мектептің 9-11 сынып оқушыларымен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жиналыс болып өтті. Жиналысқа мектеп инспекторлары Жаңаөзен қаласы Пб ЖПҚб ЮПТ КТІЖ УПИ полиция лейтенанты Сулейманов Нурлан , Жаңаөзен қаласы Пб ЖПҚб ЮПТ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Ершуақова Айнұр қатысты. Оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережесі, мектеп формасына қойылатын талаптар туралы айтылып, жасөспірімдердің қауіпсіздігі туралы бейнеролик көрсетілді.
#жаңаөзенбілімбөлімі




Үстірт қорығы мамандарымен бірлікте өткізілген “Ұлттық ойын” атты эстафеталық сайыс.



Ұлттық домбыра күні — 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретіне тойланып келеді. Осыған орай “Домбыра-қазақ халқының мұрасы” атты бейнеролик тамашалады.

Мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары С.Шинбаева және мектеп инспекторы Н.Сулейманов бастауыш сынып оқушыларына “Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары” жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді.




Мектеп директоры Г.Кайнарбаева мектептің 9, 11 сыныптарды бітіруші түлектерімен мектеп бітіру шарасын өткізу, шара барысында құқықбұзушылыққа жол бермеу туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.



Мектеп оқушыларына діни экстремизмнің алдын алу шарасы бойынша “Жат ағымдар туралы не білеміз?” тақырыбында бейнеролик көрсетілді.



Отбасының адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, ата-аналарға, үлкендерге құрмет көрсету мақсатында мектебімізде «Отбасым — алтын бесігім» тақырыбында сынып сағаттары ұйымдастырылды. Болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. Сынып сағат барысында отбасы бақыты, отбасы құндылығы туралы оқушыларға түсіндірілді.

Мектебімізде қыркүйектің 3-4 жұлдызында «Абайлаңыз балалар!» тақырыбында мектеп оқушыларына жолда жүру ережелерімен таныстыру шарасы өткізілді.
Шара барысында оқушылардың арасында жолда жүру ережелерімен таныстыру, түсінік жұмыстары жүргізілді.
Мектептің инспекторы Сулейманов.Н.Қ – бүгінгі «Абайлаңыз балалар!» атты акция негізінде оқушыларды жол жүру ережесін сақтауға үйрету, көше қатынас ережелерін меңгерту, ақпараттық көрсеткіш белгілерімен таныстыру, оларды бұлжытпай орындауға баулу керек екендігін айтып өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру тақырыбында адалдық сағаты өтті. Адалдық сағатында 8-сынып оқушыларының сыбайлас жемқорлық жөнінде түсініктерін нығайтып, адалдық туралы бейнеролик көрсетілді.



Отбасы күніне орай мектебіміздің құқық пәні мұғалімі Кожабекова Клара 10 А сынып оқушыларымен бірге “ Бала және оның құқығы” тақырыбында дөңгеле үстел өткізді.Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру болды. Дөңгелек үстелде оқушылар мұғалімімен бірге құқықтары мен міндеттерін тізбектеп талқылады, білімдерін арттырды. Бұл шараға мектеп инспекторлары да қатысып оқушыларға құқық бұзушылықтардан аулақ болуын ескертіп өтті.

Фотогалерея


