Жаңалықтар

Жаңалықтар

2025 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Маңғыстау облысы білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің “№14 жалпы білім беретін мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

18.04 күні “Түлектердің ағаш егуі” экочелленджі аясында мектебіміздің түлектері мен мектеп оқушылары бірге ағаштар отырғызып, қоршаған ортаны таза әрі жасыл ұстауға шақырды.

#Тазақазақстан
#Экочеллендж
#Ағашотырғызуакциясы

Бүгін 9-сынып оқушылары Каспий жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжінде өткен ашық есік күніне қатысып, мамандықтармен, оқу үрдісімен және студенттік өмірмен танысты.
Шеберлік сабақтары, таныстырылымдар мен жылы қарсы алудың арқасында оқушылар жаңа мүмкіндіктерге қадам жасады!

#кәсіптікбағдарберу #

Мектебімізде “Жол қауіпсіздігі-өмір қауіпсіздігі” тақырыбында оқушыларымызға жол қауіпсізідігі туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Оқушылар жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында көрініс көрсетті. Осы тақырып аясында сұрақтар қойылып, оқушылар жауап беріп белсене қатысты.

@zhanaozen_bilim_bolimi
#біртұтас_тәрбие
#Жолқауіпсіздігіөмірқауіпсіздігі

Мектеп оқушылары арасындағы буллингтің, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында
7-сыныптың ер балаларымен жиналыс өтті.

Жаңалықтар

Бүгін мектебіміздің 11-сынып оқушылары Түркияда білім беру саласындағы тәжірибелі агенттік өкілімен кездесті.
Кездесу барысында оқушылар:
* Түркия университеттеріне түсу талаптары туралы
* Гранттар мен жеңілдіктер жайлы ақпарат
* Құжаттарды дайындау мен виза рәсімдеу процесі бойынша сұрақтарына нақты жауап алды.

@bilim.power

Жаңаөзенде отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының көрмесі өтті.

11 сәуір күні Жаңаөзен қаласында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге Қазақстанда филиалдарын ашқан шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында Ұлыбритания, Германия, Польша, Франция, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Өзбекстан және басқа елдердің жетекші университеттері бар. Әр оқу орны өз бағдарламаларын, серіктес университеттерін, білім беру бағыттарын және шетелдік диплом алу мүмкіндіктерін таныстырды.

Сонымен қатар, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев қатысушыларға мақсатты білім беру гранттары туралы кеңінен ақпарат беріп, оның ерекшеліктері мен Маңғыстау өңіріне арналған квота туралы түсіндіріп өтті.

Шараға мектеп оқушылары, ата-аналар, мұғалімдер мен қала тұрғындары белсенді қатысты. Қатысушылар көрме барысында өздерін қызықтырған сұрақтарын тікелей оқу орындарының өкілдеріне қойып, кеңес алды.

Қауіпсіздік шаралары негізінде мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 7 сынып оқушылармен қауіпсіздік сағаты өткізілді. Сабақ барысында оқушыларға арнайы бейнеролик көрсетіліп, түсінік жұмыстары жүргізілді
#біртұтастәрбие
#оқушылардыңөмірқауіпсіздігі

Жаңалықтар

2025 жылдың 9 сәуір күні «Мұнайшы» мәдениет үйінде Жаңаөзен қаласының білім беру саласындағы маңызды шара – қалалық мұғалімдер олимпиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Бұл шара Жаңаөзен қаласының әкімі Қайнарбаев Жансейіт Исаханұлының 2025 жылды «Білім жылы» деп жариялауына орай, EDULEADER жобасы бойынша мұғалімдер олимпиадасы ұйымдастырылды.

Олимпиадаға қазақ тілі, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, география, информатика, биология, математика, химия және физика пәндері бойынша еңбек өтілі 15 жылға дейінгі пән мұғалімдері қатысып, өз білімдері мен кәсіби шеберліктерін сынады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің мектептің география пәні мұғалімі Қарджаубекова Салтанат 1-орынға ие болды.

Шын жүректен құттықтаймыз!💐

Жаңалықтар

Мектебімізде сәуірдің 12-і күні «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
☘️🍀☘️

«Тазалық- табалдырықтан басталады» демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау — әрбір азаматтың басты міндеті.

Тазалықты жанына серік еткен ұжым қызметкерлері сенбілік жұмыстарына белсенді қатысты.

#тазақазақстан🍀
@tenge.akimdik
@zhanaozen_bilim_bolimi

Бұл логотип білім, технология, ғаламдық байланыс және шығармашылықтың символдарын біріктіріп, жарқын болашаққа деген ұмтылысты көрсетеді. Ол оқу мен білім алу, жаңа мүмкіндіктер мен үздіксіз даму жолындағы мақсаттарды бейнелейді.

🏫Мектеп (оқу орнының бейнесі):
Логотиптің орталық элементі ретінде мектептің бейнесі, білім мен тәрбиенің негізгі институтын білдіреді. Бұл элемент оқушылардың оқуға, жаңа білімге деген қызығушылығын арттырады.

🖥️Компьютер (технология мен инновация):
Логотипте компьютер немесе оның бейнесі жаңа технологиялардың маңыздылығын және білім алу үдерісінде цифрлық құралдардың рөлін көрсетеді. Бұл элемент цифрлық әлемде білім алу мен оқыту әдістерінің дамуын білдіреді.

🌏Глобус (әлемдік білім мен мәдени байланыс):
Глобус әлемдік білім мен мәдениеттің байланысын, халықаралық ынтымақтастықты және ғаламдық деңгейде білім алу мүмкіндіктерін көрсетеді. Бұл элемент түрлі халықтар мен мәдениеттер арасындағы білім алмасуды және әлемдік көзқарасты бейнелейді.

📚Кітап (білімнің негізі):
Кітап білімнің негізгі көзі, кітап арқылы адамдар білім алады, ғылымды меңгереді. Логотиптегі кітап элементі, дәстүрлі білім көзін, оқулықтарды, ғылыми зерттеулерді және мәліметтердің сақталуын бейнелейді.

✨Жұлдыз (жарқын болашақ, мақсаттарға жету):
Жұлдыз элементі болашаққа деген үмітті, адамзаттың өркениет жолындағы жоғары мақсаттарын және білім мен ғылымдағы жаңа жетістіктерге ұмтылуды көрсетеді. Бұл символ әлемдік даму мен жаңалықтардың шекараларын кеңейтетін тұлғаларды және қоғамды білдіреді.

Жаңалықтар

3 сәуір күні мектебіміздің 11-сынып оқушылары ҚР КМ АЖК «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Бас директоры Болатбек Қобланбекұлы Айтбаевтың қатысуымен онлайн-кездесуге қатысты.
Оқушыларға колледждер мен жоғары оқу орындарында даярлау жүргізілетін автожол мамандығы туралы, мемлекеттік гранттардың саны туралы, кәсіби және жеке даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында оқушыларды толғандыратын барлық сұрақтарға толық ақпарат берілді.

1-СЫНЫПҚА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ📢

ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады.
Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір — 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ
✅ Ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші
✅ Өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)
✅ Денсаулық анықтамалары (№065/у және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты)
✅ Қажеттілігіне қарай ПМПК тұжырымдамасы (ерекше білімді қажет ететін балалар үшін)

#1сыныпқақабылдау 🎒

Көшбасшылықты дамыту сайысындағы арнайы таныстыру видео ролигі.
#мектеппрезиденті
#өзінөзібасқару
#көшбасшылықтыдамыту

Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған мәдениеті мен рухани құндылықтары оның күнделікті өмірінде көрініс табады. Бұл бай мұраның маңызды бөлігі ретінде «ырымдар мен тыйымдар» ерекше орын алады. Ырымдар мен тыйымдар ата-бабамыздың өмірлік тәжірибелеріне, табиғатпен тығыз байланыстағы тіршілігіне және қоғамдағы адамгершілік қағидаларына негізделген. Бұл дәстүрлер ұлттың өмір сүру қағидалары мен дүниетанымының көрінісі болып отыр.Ардақты әже,мектебіміздің химия пәнінің мұғалімі Караева Бибігүл немересіне қазақтың ырым-тиымы бала босқа жыламау керектігін түсіндіріп көрініс көрсетуде.
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#birtutas_tarbie2024 #біртұтас_тәрбие #nauryznama2025

Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу, сегіз қырлы бір сырлы демекші жігіттерді жан-жақтылыққа баулу. 7 “Б” сынып оқушысы Жакен Мухаммадсалих әкесімен жасаған өз өнерлерін көрсетті.

🌿ТАЗА — ҚАЗАҚСТАН🍃

“Таза Қазақстан”, “Жаңаөзен — таза қала” акциясы аясында 15.03.2025ж. мектеп айналасына сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік барысында мектеп айналасы қоқыстан тазартылып, мектеп алаңшасындағы асфальт жиектері әктелді✅

#тазақазақстан🍀

Мектебімізде дарынды оқушыларды анықтау мақсатында бейіндік әдіскер Исболсынова Светаның ұйымдастыруымен 4ші және 9-шы сынып оқушыларымен бірлікте «Ой мен білімнің додасы» интеллектуалды сайысы өткізілді.
Сайыстың мақсаты:
* Оқушылардың білім деңгейін арттыру: Балалардың әртүрлі пәндер бойынша білімін тереңдетіп, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
* Бәсекеге қабілеттілік пен командалық жұмыс дағдыларын дамыту: Оқушылардың өзара әрекеттесуін және бірлескен жұмысты тиімді ұйымдастыруды үйрету,ізденімпаздыққа баулу..
* Жеке тұлғаның дамуына ықпал ету: Оқушылардың өзін-өзі бағалауын арттыру, дұрыс шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
Сайысқа 4 оқушыдан тұратын 4 команда қатысты.
1-ші топ «IQ Stars» командасы. 4”в”және 9 “а” сыныптар
2-ші топ «Эврика» командасы. 4”б”және 9 “ә”сыныптар
3-топ “ Достық”командасы 4” ә” және 9”б” сыныптар
4-топ “ Өнер”командасы 4” а” және 9 “в” сыныптар.
Сайыс барысы 6 бөлімнен тұратын әр-түрлі тақырыптағы тапсырмалардан тұрды.Сайыс нәтижесінде
1 орын-“Эврика” тобы
2 орын-“IQ-Stars”тобы
3орын-“Өнер” тобы
3 орын-“Достық” тобы иеленді.
Оқушылар мақтау граммотасымен,сыйлықтармен марапатталды.

@zhanaozen_bilim_bolimi
#Ойменбілімніңдодасы

Бүгін 14 жалпы білім беретін мектеп ұжымы мен оқушылары “Құрмет”ордені иегері Қараева Бибігүл Атшыбайқызын салтанатты түрде қарсы алып, жылы лебіздерін білдірді.
#Маңғыстауоблыстықбілімбасқармасы
#Жаңаөзенқалалықбілімбөлімі

“Жаңаөзен- Таза қала” акциясы аясында наурыз айының 7сі күні сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында мектептің ер азаматтары ағаштардың түптерін қопсытып, мектеп айналасын қоқыстардан тазартты.
#жаңаөзентазақала
#сенбілік

Жаңалықтар

Мектебіміздің ұлағатты ұстазы Қараева Бибігүл мемлекет басшысының “Құрмет” орденімен марапатталды. Бибігүл апайға барша мектеп ұстаздары мен оқушылары атынан мықты денсаулық, табысты еңбек, шығармашылық жетістіктер тілейміз.
Марапатыңыз құтты болсын💐
#маңғыстауоблысыныңбілімбасқармасы
#жаңаөзенбілімбөлімі

Мәртебелі марапат
Мектебіміздің химия пәні мұғалімі Қараева Бибігүл Атшыбайқызы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 3 наурыздағы жарлығымен “Құрмет” орденімен марапатталды.
Бибігүл Атшыбайқызы 1984 жылы Гурьев педагогикалық институтының биология – химия факультетіне оқуға түсіп,1989 жылы институтты аяқтады. 14 жалпы білім беретін мектепте 2000 жылдан бері химия пәні мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Қатардағы мұғалім бола жүріп, шәкірттері қалалық,облыстық,республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.
Ұстазымыз саналы ғұмы­­­­рын шәкірт тәрбиелеуге арнаған, көптің құрметіне бөленген, өз ісінің білікті маманы. Әріптесімізға зор денсаулық, мол береке, ұстаздық жолда шығармашылық табыстар мен жетiстiктер тiлеймiз💐💐💐
#маңғыстауоблыстықбілімбасқармасы
#жаңаөзенқалалықбілімбөлімі

Жаңалықтар

Кәсіптік бағдар беру — табысты болашаққа маңызды қадам

Қазіргі уақытта заманауи білім беру кеңістігінде өскелең ұрпақты кәсіби бағдарлау мәселесі өте өзекті болып отыр. Қоғам дамуының қазіргі заманғы тенденциялары, еңбек нарығының динамикасы мен технологиялық прогресс заманауи адамға қойылатын талаптарға айтарлықтай әсер етеді. Мемлекеттің дарынды, шығармашыл жастарға сұранысы жастардың ерте кәсіби және тұлғалық өзін-өзі анықтау қажеттілігін анықтайды.
Мектепте кәсіптік бағдар беруді ұйымдастырудың негізгі мақсаттары- оқушылардың кәсіби қызығушылықтары мен бейімділіктерін, белгілі бір мамандықты игерудің нақты мүмкіндіктерін анықтауға, кәсіби өзін-өзіне психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге, қоғамда табысты әлеуметтенуге жағдай жасауға бағытталған.

@zhanaozen_bilim_bolimi
#Кәсіптікбағдарберу

07.02.2025ж күні Орал қаласы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің кәсіптік бағдар беру маманымен кездесу өтті. Кездесуге мектебіміздің 11-сынып оқушылары қатысты. ЖОО-ға қалай түсуге болады, қандай мамандықтар бар, уиверситеттің базасы туралы оқушылар толық ақпарат алды.

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы “№14 жалпы білім беретін мектеп” КММ “Терроризм қаупіне қалай қарсы тұруға болады?” атты тақырыпта видео ролик түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Оқушыларды қоғамдық орындарда жеке жалғыз қалғандағы қауіпсіздік пен өз-өзін қорғауы жөнінде түсіндірілді.

@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие

24 ақпан күні мектебімізде қалалық “ ALASH QUIZ” сайысының жеңімпазы атанған команда және команда жетекшісі Кожабекова Клараның ұйымдастыруымен “ALASH QUIZ” ойыны өтті. Сайысқа 8,9,10 сынып оқушыларынан құралған
6 команда қатысты. Ойын бірнеше кезеңдерден тұрды және әртүрлі тақырыпта сұрақтар қойылды. Ойын командалар арасында тартысты өтті. Топты жарып I орынды иеленген 9 в сынып оқушыларының “ Креативті” командасы болса , II орынды “Болашақ” командасы, III орынды “Айқанат” командалары иеленді. Капитандар сайысында “Болашақ” командасының капитаны Оғланбек Кәусар “Үздік ойыншы” номинациясымен марапатталды.

Ақтау қаласында өткізілген Ұлттық мектеп лигасының гандболдан 7-8 сынып қыздар арасында “Ұшқыр доп” облыстық жарысында III орын алған оқушыларымызды күтіп алу сәті.
@zhanaozen_bilim_bolimi
#ұшқырдоп

«Адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, оның алдын алу және оған қарсы күрес» жөнінде 2024-2026 жылдарға арналған ҚР Үкіметінің іс-шараларды бекіту туралы қаулысына сәйкес мектеп оқушыларына түсінік жұмыстары жүргізілді.

Мектебімізде «Отанды қорғау әр азаматтың борышы» атты патриоттық кездесу өтті. Оған 9-10-11 сынып оқушылары және«Германиядағы Кеңес әcкepiнің тобы мен Варшава Келісім шарты әскерінің тобы»Республикалық бірлестік тобы төрағасы Күмісбаев Абдулла Қараджаевич және бірлестік мүшелері Джубатуров Султан Ахтанович, Кулешович,Атагазиев Жакен Орынжанұлы ,Аймурадов Калдыбай Кулешович лейтенант Отеп Нұрдос қатардағы Ишимбаев Сұлтан ,Серіков Нұр,Шайланов Нұртілек қатысты.Кездесуді мектеп директоры Кайнарбаева Гүлзада Кайнарбаева өзінің тілегімен ашып берді.
Өз сөз кезегінде Күмісбаев Абдулла Қараджаевич ер азаматтың борышы – Отан қорғау, ал егерде әскери қызметтен бұлтарып, борышыңды өтеуге бармау ол ер азамат үшін үлкен сын. Ер жігіт міндетті түрде әскери мектептен өтуі керек деп оқушыларды рухтандырып өзінің әскердегі оқиғалармен бөлісті. Джубатуров Султан Ахтанович біздің рухымыз, намысымыз ешқашан төмен түспеуі тиіс. Мына отырған оқушылардың көздеріне от, жүректеріне рух ұялата білуіміз қажет. Еліміздің болашағы осы жастар. Біз Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қарап бой түзеп, солардың ерліктерін үлгі етіп өстік. Міне, бүгінгі ұрпаққа сол ардагерлердің ізбасарлары біз өнегелі іс көрсетіп, жас өскелеңнің бойында патриоттық сезімді ұялату үшін күш салуымыз керек. Джубатуров Султан Ахтанович Кулешович «Отан үшін отқа түс күймейсің» деген екен батыр Бауыржан Момышұлы. Туған өлке, тарихи орданы сүю – ақылдың ісі емес, жүректің ісі. Кездесу барысында Отеп Нұрдос оқушылармен сыр – сұхбат өткізіп, ер жігіттердің Отан алдындағы борышын өтеу – өте абыройлы және азаматтық, перзенттік парыз екенін айтып, жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттырды, әскери – патриоттық рух қалыптастырды.Шара барысында Тезекбай Иса«Алаш аманаты» күйін тартып, Таубай Сүндет «Ерқармыстың дастаны» әнін орындап көпшілікке партиоттық рух сыйлады.
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие
#Отандықорғауәразаматтыңборышы

Мектебімізде төтенше жағдайлар және өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар мен мұғалімдердің төтенше жағдай кезіндегі әрекеттерін шыңдап, қауіпсіздік ережелерін іс жүзінде қолдануды үйрету. Сыныптар өрт дабылы естілгеннен кейін, мұғалімдерінің жетекшілігімен ғимараттан жедел эвакуация жасады. Оқу-жаттығу аясында арнайы құтқарушылар тобы құрылды.

Оқушыларымыз оқу-жаттығу кезінде жоғары шапшаңдық пен жауапкершілік танытты. Барлық техникалық құрал-жабдықтар дұрыс жұмыс істеп, эвакуация сәтті жүзеге асырылды.
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие
#Төтеншежағдайлар

Мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ж Т. Жайлиева, И.К.Мамбетназарованың ұйымдастыруымен Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған “Ғұлама тұлға — ғибратты ғұмыр” танымдық сабақ өтті.

Мақсаты :
— Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы , мемлекеттік сыйлықтың иегері , «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты, сенатор Әбіш Кекілбайұлының қаламгерлігі, қайраткерлігі, саясаткерлігі туралы білім алушыларға кеңірек таныстыру.

Өзін-өзі басқару ұйымының қайырымдылық фракциясы ұйымдастырған жәрмеңке🥐✨

#14мектеп #парламент #қайырымдылық #мектепактивистери

Біздің мектебімізде “Гендерлік теңдік — бұл бәрімізге ортақ құқық» тақырыбына арнап сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көркем еңбек пәнінің оқытушысы Назарова Х. мен әлеуметтік педагог Шодирова Г. жеңімпаздарды анықтап оқушыларға ақшалай жүлделерін табыстады. Көрмеге 6,7,8 сынып оқушылары қатысып, сан алуан суреттерді бейнеледі.

Бас жүлде: 6 «Б» сынып оқушысы Джабай М. иеленді.

І орындар: Мақсатқызы К. 7 «А» сынып, Алпамыс С. 6 «В» сынып оқушылары

ІІ орындар: Үсен Н. 7 «Б» сынып, Елубай Н. 6 «Ә» сынып, Юлдаш А. 7 «Б» сынып оқушылары

ІІІ орын иегерлері: Толеген Н. 7 «Ә» сынып, Қамбар И. 7 «А» сынып, Ізтұрған Н. 8 «А» сынып, Өмірзақ А. 7 «Г» сынып, Джумажан Н. 7 «А» сынып, Даулет Қ. 6 «А» сынып оқушылары

Ұйымдастырушылар барлық қатысқан оқушыларға ризашылықтарын білдіріп, шығармашыл тұлға ретінде қабілеттерін одан әрі шыңдауларына ақыл-кеңестерін білдірді.

Мектебімізде Т.Рысқұловтың 130 жылдығына орай ұйымдастырылған Шерхан Мұртазаның «Бала Тұрар»әңгімесіне арналған оқырмандар конференциясы өтті. Аталмыш шараға 7-8 сынып оқушылары қатысты.

Оқушыларға тарих пәнінің мұғалімі Қожабекова Клара Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі туралы мәлімет беріп, бейнебаян көрсетті.

Шерхан Мұртазаның «Бала Тұрар» әңгімесіндегі тарихи тұлғалардың ел мүддесін қорғау жолындағы қажырлы еңбегіне тоқталды. Бейнебаяннан Т. Рысқұловтың өмірі мен қызметі туралы және Ш.Мұртазаның
«Бала Тұрар»әңгімесінен үзінділер көрсетілді.

7 сынып оқушылары «Бала Тұрар» әңгімесі бойынша қойылым қойды. Оқушыларға Тарих пәнінің мұғалімі Весербаева Назым Тұрар Рысқұловтың өмірі шығармашылығы туралы «Тәтті сұрақтар» ұйымдастырды.

Мектебімізде тәрбие жөніндегі орынбасары Каргынбаева Баян мен педагог ұйымдастырушы Елтизарова Күнсұлу, Теңге емханасының дәрігер-гиноколог Оспанова Көркем және көп балалы қыз тәрбиелеп отырған ардақты аналар Исболсынова Света, Исмагулова Ақжамал, Ермуханбетова Жаңыл қатысуымен «Ұлттық құндылықтан асқан құндылық жоқ» атты аналар мектебі аясында, «Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі» атты 6-7 сынып қыз балаларына арналған кездесу өтті.

✅Мақсаты: қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру.

Кездесу кешінің барысында Исмагулова Ақжамал қыз тәрбиесі бағытында ақыл кеңестерін берсе, Исболсынова Света қыз балаға қазақ халқының салт-дәстүрін бойына сіңіре отырып, келешекте қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, қыз бала тәрбиелеу деп атап өтті. Ал медицина өкілі Оспанова Көркем жасөспірім қыздар арасында қоғамда орын алып отырған келеңсіз оқиғалардың алдын алу мақсатын түсіндіріп пайдалы кеңестерімен бөлісті. Каргынбаева Баян қыздармен тренинг ұйымдастырды. Кездесу соңында «Ана» туралы өлеңдер оқылып, ән шырқалды, қыз балаларға тәрбие тәлімі мол видеороликтер көрсетілді.

Мектебімізде жоспарға сәйкес 4 сыныптар арасында “Спорт –денсаулық кепілі” атты эстафета ұйымдастырылды.

Командалар 5 кезең бойынша сынға түсті.

✅1-кезең: Жүгіру эстафета.

✅2-кезең: Әр оқушы орнында тұрып допты басынан асырып келесі оқушыға беру, соңғы оқушы алдына келіп допты келесі оқушыға береді.

✅3-кезең: Кедергіден сүрінбей өтіп барып сұраққа жауап айтып, орнына жылдам бірінші болып келу.

✅4-кезең: Допты кедергі арасымен алып барып сол жерге допты қойып бір есептен шығарып қайтарында жүгіріп қайтады,келесі оқушы жүгіріп барып бір есепті шығарып допты кедергі арасымен алып келу.

✅5-кезең: Арқан тартыс

Жарыс өте көңілді өтті. Спйыстың қорытындысы бойынша 4 “В” сыныбы 1-орын, 4 “А” сыныбы 2-орын, 4 “Ә”, “Б” сыныптары 3-орынға ие болды.

@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие

Нашақорлықпен күресудің маңызды аспектісі-қоғамды есірткіні тұтынудың алдын алуға және оның таралуын болдырмауға бағытталған есірткіге қарсы іс-шараларға тарту болып табылады.
Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасымен дайындалған «Иллюзия свободы» атты деректі фильмі мектептің жоғарғы сынып оқушыларына көрсетілді
#нашақорлыққажолжоқ

2025 жылдың 16 қаңтар күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шинбаева Салтанат Аманкосовнаның ұйымдастыруымен, мектеп медбикесі Обисова Қарлығаштың қатысуымен 9-10 сынып оқушыларына адамгершілік жыныстық тәрбие негізінде «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты жиналысы өткізілді.

Жиналысқа Жаңаөзен қаласы полиция басқармасы Жедел-Криминалистика бөлімшесі бастығы полиция майоры Күзенбаев Бисенбек Орынбаевич пен Жаңаөзен ҚПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Сагидуллаев Теңелходжа қатысты.

Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу жастардың Адам тәрбиесі мен Қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жасады. Оқушыларға видероликтер көрсетілді.
@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие
#Ертежүктілік

Мектебіміздің 9 сынып оқушыларына “Ұлттық Бірыңғай Тестілеу туралы, мамандық таңдағанда нені ескеру қажет, қандай пән комбинациялары керек екенін қалай білеміз?” осы сұрақтарға жауап ретінде кәсіптік бағдар беру маманы Талисбай Асқар оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушылар өздерін толғантып жүрген сұрақтарын қойып, пікірлесті.

@mangystau_obl_bilim_baskarmasy
@zhanaozen_bilim_bolimi
#Біртұтастәрбие
#Мамандықтаңдау

Мектебімізде отбасы апталығы аясында
Назарова Хамира ұйымдастыруымен
5-7 сыныптар арасында тақырыбында «Бақытты балалық шақ» сурет байқауы өтті.⠀

Мақсаты: Бала бойына осы байқау арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Отбасы мүшелері арасындағы сыйластықты, сүйіспеншілікті нығайтуына ықпал ету.

Байқауға қатысқан барлық оқушылар өздерінің салған әдемі де, әсерлі суреттерін салып, белсенділік танытты.

Байқау нәтижесінде І орынды 6«Б» сынып оқушысы Алпамыс Сымбат, ІІ орынды 6 «А»Дәулет Құлнияз сынып оқушысы мен Жұмажан Нұршат, ІІІ орынды 7 «В» сынып оқушысы Жакен Мұхаммедсалих Айса Нұртас 7 «Б» иеленді.

Мектебімізде 2024 жылдың
6 қыркүйек күні отбасы күні аясында “Денсаулық фестивалі — 2024” іс-шарасы өткізілді. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен мектеп парламентінің ұйымдастыруымен өткізілген шараға мектеп оқушылары белсене қатысты.
Шараның мақсаты — оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды спортқа тарту, оларға денсаулықтың қадірін түсіндіру.

Ата-аналарға

14 мектеп кітапханасы мен 2 Теңге ауылдық онлайн кітапханасы мен бірлесе отырып 14 мектеп жанынан ашылған “Балауса “ жазғы лагердің бүлдіршіндерімен 6 шілде Астана күніне орай “Астана — арман қала” атты кітап көрмесі жасақталды. Мақсаты: Оқырмандарға даму жолдарымен тарихи кезеңдерін насихаттау арқылы Астананың абыройы асқақтап және ғасырлық дәстүрдің сабақтастығы Астананың бүгінгі келбетінен мол мағлұмат беру.

Іс-шара жоспарына сәйкес, Теңге ауылдық кітапханасымен ”Оқитын өлке” жоба аясында “№14 жалпы білім беретін мектеп” КММ-сі жанынан ашылған “Балауса” жазғы демалыс лагерінің балаларымен “буккроссинг” өткізілді. Жобаның мақсаты: Қазіргі оқушыны кітапқа назарын аудару, заманауи интерактифті тәсілдер арқылы қызығушылығын арттыру. Кітапханашы Иманова Анар жобаның мақсатын түсіндіріп, оқырмандар арасында викториналық сұрақтар өткізді.

Үстірт қорығы мамандарымен бірлікте өткізілген “Ұлттық ойын” атты эстафеталық сайыс.

“Анаға тағзым” саябағына серуендеу.

Теңге ауылындағы “Анаға тағзым” саябағына саяхат ұйымдастырылды.

Мектеп жанынан ашылған “Балауса” жазғы демалыс лагерінде лагерьлер арасында достық кездесу ұйымдастырылды. Достық кездесуде балалар арасында футболдан жарыс өтті. Жарыс нәтижесі бойынша “Балауса” жазғы демалыс лагерінің командасы жеңіске жетті. Командалар дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

“Балауса” жазғы демалыс лагерінің іс-шара жоспарына сәйкес, “Маңғыстауым-туған жерім” атты бейнеролик көрсетілді. Мақсаты: туған жерінің тарихымен таныстыра отырып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.

2-4 сынып оқушыларына арналған бастауыш сынып олимпиадасының қалалық кезеңінде мектебіміздің 3-сынып оқушысы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Шын жүректен құттықтаймыз!
Жетекшісі: Айдарова Райса

2-4 сынып оқушыларына арналған бастауыш сынып олимпиадасының қалалық кезеңінде мектебіміздің 3-сынып оқушысы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Шын жүректен құттықтаймыз!
Жетекшісі: Айдарова Райса

Жаңалықтар

Мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары С.Шинбаева және мектеп инспекторы Н.Сулейманов бастауыш сынып оқушыларына “Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары” жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді.

Мектеп директоры Г.Кайнарбаева мектептің 9, 11 сыныптарды бітіруші түлектерімен мектеп бітіру шарасын өткізу, шара барысында құқықбұзушылыққа жол бермеу туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.

8-11 білім алушылар арасында Қалалық “Мәшhүр Жүсіп оқулары” байқауында қалалық кезеңінде жүлделі орындарға ие болды.
“Білімді зерек адам болам! — десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен” эссе жазу бағыты бойынша мектебіміздің 8-сынып оқушысы Аразмухаммед Жаңылсын І орынға ие болды.

“Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы”ғылыми зерттеу бағыты бойынша ll орынға ие болған мектебіміздің 10-сынып оқушысы Алиқызы Ардақ марапатталды.

Жетекшісі:қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жайлиева Ж

Білім алушыларымыз үлкен жетістіктерге жете берсін

Ата-аналар жиналысы:
Күн тәртібінде:
1. 2024-2025 оқу жылының басталуы;
2. Мектеп формасы жөнінде бұйрықты таныстыру.

5 сынып жетекшілері Жайлиева Жанар, Ағаниязова Шолпан ата-аналарға 2024-2025 оқу жылында мектеп формасы жөнінде айтып өтті.

Білім алушы ҚРБжҒ министрінің 2014жылғы 16 қаңтардағы 26 бұйрығына сәйкес, бірыңғай мектеп формасына сай киінуге, білім беру ұйымының талабы бойынша мектеп формасына қатаң сақтауға ата-аналар мен мектеп білім алушыларына түсінік жұмыстарын жүргізді.

Мектебімізде қыркүйектің 3-4 жұлдызында «Абайлаңыз балалар!» тақырыбында мектеп оқушыларына жолда жүру ережелерімен таныстыру шарасы өткізілді.
Шара барысында оқушылардың арасында жолда жүру ережелерімен таныстыру, түсінік жұмыстары жүргізілді.
Мектептің инспекторы Сулейманов.Н.Қ – бүгінгі «Абайлаңыз балалар!» атты акция негізінде оқушыларды жол жүру ережесін сақтауға үйрету, көше қатынас ережелерін меңгерту, ақпараттық көрсеткіш белгілерімен таныстыру, оларды бұлжытпай орындауға баулу керек екендігін айтып өтті.

Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру тақырыбында адалдық сағаты өтті. Адалдық сағатында 8-сынып оқушыларының сыбайлас жемқорлық жөнінде түсініктерін нығайтып, адалдық туралы бейнеролик көрсетілді.

Отбасы күніне орай мектебіміздің құқық пәні мұғалімі Кожабекова Клара 10 А сынып оқушыларымен бірге “ Бала және оның құқығы” тақырыбында дөңгеле үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: оқушыларға заң білімі саласынан мағлұмат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру.

Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналығы мен таным белсенділігін арттыру болды. Дөңгелек үстелде оқушылар мұғалімімен бірге құқықтары мен міндеттерін тізбектеп талқылады, білімдерін арттырды. Бұл шараға мектеп инспекторлары да қатысып оқушыларға құқық бұзушылықтардан аулақ болуын ескертіп өтті.

Ата-аналарға
Мектептік тамақтандыру

1-4 сыныптар бойынша 1 сынып — 83, 2 сынып — 101, 3 сынып — 81, 4 сынып — 101 бастауыш ыстық тамақ ішсе, қалғаны ҚР №64 қаулы бойынша 76/41 аз қамтылған бала тамақтанады. Екі ауысым бойынша кезекпен тамақтануда. Ыстық тамақтың сапасын бақылау асхана қызметкерінің тарапынан күнделікті бақылауда, ас мәзірі сан.гиг.т.б. талаптарға сай келетіндігі айына екі рет тексеріледі. Асханаға қазіргі таңда қызмет көрсетуші мекемеден бір санитар кіреді. Ас үйдің санитарлық жағдайы және қызмет ететін жұмысшы желілері жүйелі тексерілуде.

Тамақтандырудың негізгі талаптары орындалуда. 8-11 сынып арасындағы оқушылар күнделікті буфет өнімдерін алып тамақтанады. Екі мемлекеттік тілде асхана мәзірі құрылып, білім беру мекемесі тарапынан ұсынылған 4 апталық ас мәзірі бойынша, таңғы ас пен түскі ас мәзірі күнделікті дайындалып беріледі.

Күнделікті тамақпен қамтамасыз ету айына 2 рет тексеріледі. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты биылғы жылы мектеп асханасына тиісті органдар тарапынан 1 рет жоспарлы, 1 рет жоспарсыз тексеру жүргізілді. Тамақтану жағдайы жақсы деңгейде деп есептелінеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 1 қыркүйектен бастап әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру жүзеге асуда.

Мектебімізде қазіргі таңда бастауыш сынып оқушылары 1-4 сынып аралығындағы барлық балалар тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Оқушыларды жазатайым оқиғалардан қорғау, өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында мектеп оқушыларына “Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі” туралы жадынама таратылды

Ата-аналарға
Жаңалықтар