Мектептік тамақтандыру

Біздің мектебіміздің асханасында «Жалпыға бірдей білім беру қоры» есебінен 1-4 сынып оқушылары мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін 1-10 сынып аралығындағы 69 оқушы тегін тамақтанады. Оқушылар тамақтану кестесі бойынша асханаға ас ішуге келеді. Білім алушыларға арнайы мәзір бойынша әзірленген тағамдар беріледі. Асханамыз аптасына 2 рет бракераждық тексерістен өтеді. Бракераждық комиссияның мақсаты – асхана жұмысының жағдайын, ондағы әзірленетін тағамадардың сапасын, асхананың санитарлық-гигиеналық ахуалын, ондағы тамақтанатын оқушылардың тамақтану үрдісін бақылау болып табылады. Асханамызда әзірленетін тағамдар үнемі білім алушылар мен мектеп ұжымының көңілінен шығып жатады.
@zhanaozen_bilim_bolimi

4 «Ә» сыныбымен әлеуметтік педагог Г.Ж. Шодирова «Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі» атты тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды дұрыс тамақтануға үйрету, дұрыс тамақтанудың адам ағзасына тигізетін әсерлерімен таныстыру, пайдалы, пайдалы емес тағамдар мен сусындар жайында түсініктерін жетілдіру, аспаздық, шығармашылық қабілеттері мен есте сақтау дағдыларын дамыту, ұйымшылдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Іс-шара кезінде оқушылар «Өз көңіл күйіңді жаса», «Сәйкесін тап», «Азық-түлікті сипатта», «Сусынды тап» атты ойындар ойнап, «Қол жуу» флешмобын билеп, дайын өнімдерден тіске басар тағамдарды әзірледі. Педагог сабақты қорытындылау барысында, доппен «Мен не білдім?» ойынын ойнатып, оқушыларға тәттілер сыйлап, жағымды эмоция қалыптастырып сабақты аяқтады.

Мектептік тамақтандыру
Мектептік тамақтандыру
Мектептік тамақтандыру
Мектептік тамақтандыру
Мектептік тамақтандыру
Мектептік тамақтандыру
Мектептік тамақтандыру
Мектептік тамақтандыру
Мектептік тамақтандыру
Мектептік тамақтандыру
Мектептік тамақтандыру
Мектептік тамақтандыру
Мектептік тамақтандыру
Мектептік тамақтандыру
Мектептік тамақтандыру
Мектептік тамақтандыру
Мектептік тамақтандыру

1-4 сыныптар бойынша 1 сынып — 83, 2 сынып — 101, 3 сынып — 81, 4 сынып — 101 бастауыш ыстық тамақ ішсе, қалғаны ҚР №64 қаулы бойынша 76/41 аз қамтылған бала тамақтанады. Екі ауысым бойынша кезекпен тамақтануда. Ыстық тамақтың сапасын бақылау асхана қызметкерінің тарапынан күнделікті бақылауда, ас мәзірі сан.гиг.т.б. талаптарға сай келетіндігі айына екі рет тексеріледі. Асханаға қазіргі таңда қызмет көрсетуші мекемеден бір санитар кіреді. Ас үйдің санитарлық жағдайы және қызмет ететін жұмысшы желілері жүйелі тексерілуде.

Тамақтандырудың негізгі талаптары орындалуда. 8-11 сынып арасындағы оқушылар күнделікті буфет өнімдерін алып тамақтанады. Екі мемлекеттік тілде асхана мәзірі құрылып, білім беру мекемесі тарапынан ұсынылған 4 апталық ас мәзірі бойынша, таңғы ас пен түскі ас мәзірі күнделікті дайындалып беріледі.

Күнделікті тамақпен қамтамасыз ету айына 2 рет тексеріледі. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты биылғы жылы мектеп асханасына тиісті органдар тарапынан 1 рет жоспарлы, 1 рет жоспарсыз тексеру жүргізілді. Тамақтану жағдайы жақсы деңгейде деп есептелінеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл 1 қыркүйектен бастап әлеуметтік мәртебесіне қарамастан бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыру жүзеге асуда.

Мектебімізде қазіргі таңда бастауыш сынып оқушылары 1-4 сынып аралығындағы барлық балалар тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Фотогалерея